Жұлдыздар шоғыры
From Wikipedia, the free encyclopedia
From Wikipedia, the free encyclopedia
Жұлдыздар шоғыры – шығу тегі бірдей, жасы мен химиялық құрамы жағынан бір-бірімен қарайлас және өзара тартылыс күші арқылы байланысқан жұлдыздар тобы. Жұлдыздар шоғырының диаметір бірнеше парсектен 150 парсекке дейін жетеді. Жұлдыздар шоғыры, тарихи тұрғыда, шашыраңқы Жұлдыздар шоғыры және шар тәрізді Жұлдыздар шоғыры болып екі топқа ажыратылады. Шашыраңқы Жұлдыздар шоғыры ондаған, кейде жүздеген (сиректеу мыңдаған) жұлдыздардан құралса, шар тәрізді Жұлдыздар шоғыры он және жүз мыңдаған жұлдыздардан құралған. Шашыраңқы Жұлдыздар шоғырына Үркер, Бесік, Гиадтар, т.б. шоқжұлдыздары, ал шар тәрізді Жұлдыздар шоғырына Тазылар шоқжұлдызындағы М3 шоғыры, Геркулес шоқжұлдызындағы М13 шоғыры жатады. Шашыраңқы Жұлдыздар шоғыры біздің Галактикадағы Құс жолының симметрия жазықтығында, яғни галактикалық жазықтықта (Күнмен салыстырғандағы орташа жылд. 20 км/с), шар тәрізді Жұлдыздар шоғыры орталығы біздің Галактиканың орталығынде жатқан сфералық көлемге (Күнге қатысты орташа жылдамдығы 170 км/с) тарала орналасқан. Герцшпрунг – Ресселл диаграммасын немесе “жұлдыздық шама – түс көрсеткіші” диаграммасын зерттеу арқылы Жұлдыздар шоғырының эволюциясы жөнінде маңызды деректер алуға болады.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.